top of page

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз!

  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Instagram Social Icon

Туылған жылы: 21 сәуір 1976 жыл

Санаты:  І (бірінші)

Жалпы өтілі: 18 жыл

Педагогикалық  өтілі: 15 жыл

Оқу орны: 1997 жылы Қорқыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Мамандығы:Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жұмыс орны:  №209 Ә.Әбутәліпов атындағы қазақ орта  мектебі

Қоғамдық қызметі:

2010-2011 оқу жылында әдістемелік кабинет меңгерушісі

2012-2013 оқу жылдарында оқушылардың ғылыми қоғамының жетекшісі

2013-2014 оқу жылдарында «Жауқазын» үйірмесінің жетекшісі      

2014-2015 оқу жылында Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған тәлімгер                                                                                                                                          

 2015-2016 оқу жылдан бастап «Ұлағат» шығармашыл  ұстаздар тобының жетекшісі        

 

Еңбек жолында жеткен жетістіктері:                                                                                                                                    

1. Жас жеткіншектерге сапалы білім, саналы тәрбие беруде жақсы нәтижеге қол жеткізгенім үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.                                                                                     2. 2013 жылы 25 мамырда «Жас ғалымдар » ОҒҚ жұмысының жандандырудағы белсенділігім     үшін   дипломмен            марапатталды.                                                             

3.«Инновациялық технология – білім беру жүйесінің сапасын қамтамасыз ету мүмкіндігі » атты білім беру саласы қызметкерлері арасында республикалық ғылыми – практикалық  конференция материалдары жинағында «Әдебиет сабағында зерттеушілік  әңгіме арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту» тақырыбында баяндамасы еніп, дипломмен    марапатталды. 

4. «Тілдерді оқытудағы  жаңаша әдістемелік көзқарас» халықаралық әдістемелік форум материалдары жинақ кітабында «Тәрбие құндылықтары аясында оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу»  деген тақырыпта баяндама жинаққа еніп, арнайы дипломмен марапатталды.         5.  «Шекарасыз білім: әдістемелік алаң » атты білім беру саласы қызметкерлері арасында өткізілген республикалық ғылыми – практикалық конференцияға қатысып,  кітаптың редакция алқасында шығармашылық жұмыс жасады.

6. Шығармашылыққа баулып жүрген шәкірті Айтөре Назеркенің «Балауса балғын жырларым» атты жыр жинағын шығарып, редакция алқасында шығармашылық жұмыс жасады.

7.  «Жастарды Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, азаматтық аспект» тақырыбында білім беру саласының  қызметкерлері арасында өткізілген әдістемелік рес-публикалық байқауда «Тәрбие жұмысындағы тақырыптық үздік авторлық бағдарлама » номинация бойынша 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

 8.  №209 Ә.Әбутәліпов атындағы орта мектептегі мұғалімдер арасындағы жылдық қорытынды бойынша 2013-2014 оқу жылының «Үздік жыл мұғалімі – 2014 » аталымымен марапатталды.

9. «Тілдерді оқытудағы жаңа әдістемелік көзқарас-2» білім беру саласының  қызметкерлері  арасында өтізілген 2-ші халықаралық әдістемелік форумда дипломмен марапатталды.

10. Республикалық «Педагогика. KZ»  оқу кеңес орталығы аясындағы педагогтардың шығармашылықтарын шыңдауда «Ұстаздық еткен жалықпас» Республикалық байқауында «Өзекті педагогикалық мақала» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталады.

11.Республикалық пәндік олимпиаданың   ІІ кезеңінде (аудандық)  шәкіртіңіз өзінің білімділігі мен талаптылығының арқасында білім көрсеткішінің жақсы нәтижесі үшін марапатталды.

12. Облыстық ғылыми жобалар сайысында оқушысы  Көшербей Назгүл ІІ орын дипломмен марапатталды. Жетекшілік жасағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

13. «Руханият және келісім мәдениеті – бірлігі жарасқан елдің кепілі» атты шығармалар байқауынның ІІ кезеңінде (облыстық)  ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

14. «Білім мен Ғылым» шығармашылық бірлестігінің фестивалінде шығармашылығымен ерекшеленіп «Жүлдегер» даңқын иеленгені үшін  (№002005) СЕРТИФИКАТ жеңіп алды.

15. «Ең үздік іс-шара әзірлемесі»  бағыты бойынша І Республикалық  шығармашылық фестивалде І орын дипломмен марапатталды. Алғыс хатпен марапатталды.

16. «Дүниежүзілік тарихтың өзектілігі» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми – практикалық конференциясында үздік баяндамасы үшін дипломмен және сертификатпен марапатталды.

17. Халықаралық  «Менің педагогикалық жаңашылдығым» байқауында І орын дәрежелі медаль иегері атанып, дипломмен марапатталды. (№38 куәлік)

18. Аудандық семинарда «Жемқорлық – індет, жою міндет!» тақырыбында өткен ашық сабағы жоғары дәрежеде бағаланып, нәтижесінде алғыс хатпен марапатталып, еңбек кітап-шасына алғыс жарияланды.

19. «Мәңгілік Ел үміттері» антологиясына дарынды шәкірті Шынтай Нұрлыбек еніп, саналы тәрбие, сапалы білім бергені үшін дипломмен марапатталды                                                    

20. «Қазақстан ұстаздары » энциклопедиясына педагогикалық өмірбаяны енгізілді.

Баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары:

  1. 2014 жылы, тамыз айында «Ұстаз мәртебесі» республикалық газетінде «Жыр оқиын шуақ шашып нұрдан әсем» тақырыбында мақалам жарық көрді.

  2.  Журналист С.Омарованың «Ұлағаттылықтың үлгісі бола білген  ұстаздар отбасы» тақырыбында  ұстаздық шығармашылығы жөнінде мақала жарық көрді.

  3. «Жаңақорған тынысы» газетінде «Сапалы білім» мақаласы жарық көрді.

  4. «Ақиық ақын - Мұқағали» атты мақаласы «Ұстаз мәртебесі» газетінде жарияланды.

  5. «Қалай оқу керектігін үйрену: іс – әрекеттегі зерттеу» тақырыбында әдістемелік жинақ шығаруда редакция алқасында жұмыс жасады.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Instagram Social Icon

 

  Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 209 Ә.Әбутәліпов атындағы

             орта  мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі 

          Манабаева Шапағат Мухабаевнаның электронды портфолиосы

 

 

bottom of page